28.12.2023, 14:30
Оқылды: 33

Атымтай жомарттар мен еселі еңбек иелері марапатталды

Жыл аяқталар тұста еселі еңбегімен, өнімді қызметімен көзге түсіп, әр салада оза шапқан мамандарды марапаттау игі дәстүрге айналды. Бүгін аудандық мәдениет үйінде  "Жыл үздігі-2023", "Жомарт жүрек", "Жыл адамы" байқауының үздіктері марапатталып, "Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы " атағының иегерлері анықталды.

IMG-20231228-WA0054
Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Нұрлыбек Даумовқа беріліп, ол залға жиылған жұртшылықты жаңа жылмен құттықтап, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндай келе, сала қызметкерлеріне риясыз еңбектері үшін алғыс айтты.

IMG-20231228-WA0048

Бұдан соң аудан әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрайымы Лариса Қайырғалиева өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан, ел болашағына елеулі еңбек қылған қос азаматқа, атап айтсақ, Орда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Саматов пен ауданның агроөндірістік шаруашылығына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагері  Молдабай Минажевтерге куәлік пен «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы" атағын табыстады.

IMG-20231228-WA0055

Қайырымдылық шаралардың бел ортасынан табылып, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, демеушілік танытқан жандардың да  еңбегін бағаланды. Бұл жиында «Жыл тұлғасы» аталымы Хан ордасы ауылындағы қайырымдылық шараларға атсалысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып, демеушілік танытып жүрген  «Торы-Айғыр» шаруа қожалығының жетекшісі Нәбиолла Имамеденов, «Ұлан» шаруа қожалығының жетекшісі Жұмагелді Иматалиевтер ие болды.

IMG-20231228-WA0065

«Туған өлке» аталымы бойынша өз туған ауылдарында түрлі бағытта қайырымдылық шараларын жасаған мектеп түлектеріне де құрмет көрсетілді. Жиын барысында  12 аталым бойынша әр саланың үздіктер де марапатталып, сый-сыяпаттар табысталды. Сондай-ақ, облыс, аудан әкімдерінің алғысхаттары да табысталды.

Арайлым Маратқызы,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале