22.12.2023, 16:45
Оқылды: 28

Жедел жәрдем көлігі табысталды

Бүгін Казталов аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың, мекеме басшылары мен аудан тұрғындарының қатысуымен аудандық  ауруханаға, округтерге замануи су жаңа сегіз көліктің кілті табысталды. Ауданның медициналық мекемелеріне берілген жедел жәрдем көліктері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсартуға, денсаулық саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізері анық.

image-22-12-23-04-15-1

Мемлекет тарапынан халық денсаулығын жақсарту мақсатында барлық жағдай жасалынып келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды» деп нақты атап айтқан болатын.

Шарада алдымен сөз сөйлеген аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы:
- Құрметті медицина саласының қызметкерлері және аудан тұрғындары бүгінгі күн – сіздер үшін қуанышты күн.  Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет кету жолында техниканың да озық болғаны жөн. Бүгін табыстағалы отырған «Газель соболь» автокөліктердің бір ерекшелігі жол талғамауында яғни алыс-жақын жерлерімен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз жүре алатын автокөлік. Науқастар тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтар мен қаматамыз етілген, - деді.
Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат төрағасы, ауыл тұрғыны:
- Ауырған жанға алғашқы болып жететін жедел жәрдем қызметінде еңбек ететін жандардың еңбегі ерекше. Ауылдарды аралап, халықпен жүздескенде осы мәселелерді жиі көтереді. Осыған байланысты тұрғындардың тілегін ескере отырып, замануи жаңа үлгідегі сегіз жедел жәрдем көлігі берілді.
Науқастарға тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және науқасқа алғашқы көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар мен қамтамасыз етілген. Жедел жәрдем көлігі аудан халқы үшін жедел және шұғыл медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндік береді.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале