18.12.2021, 15:10
Оқылды: 59

Ауданның қуанышы еселенді

17 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Казталов аудандық ауруханасының перзентханасында тағы бір ұл өмірге келді. Ғабдушевтар әулетін қуанышқа бөлеген сәби отбасының 4-ші перзенті. Бұл қуанышты жаңалықпен бөліспекке және ананы құттықтап, баланың халін білмекке Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов пен аудандық мәслихат депутаты Қайрат Жақыпов аудандық ауруханаға ат басын бұрды.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 16.03.44 (2)

Билік өкілдері отбасының қуанышымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық табыс етті. Көпбалалы ана Зәмзәгүл Қайратқызы ауыл әкімі мен халық қалаулысына, аурухана ұжымына, Қибадат Өтеміс қызына өз ризашылығын білдірді. Казталов аудандық ауруханасының акушері Қибадат Бурекешова ана мен баланың жағдайы жақсы екендігін атап өтті.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 16.03.44 (4)

- Зәмзәгүл Қайратқызы есімді ана 17 желтоқсан күні келіп түсіп, сағат 17:15-те босанды. Ана мен баланың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда екеуінің де денсаулығы жіті бақылауымызда. Босандыру кезінде қиыншылықтар болмады, - деді маман.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 16.03.44 (1)

Ағымдағы жылдың басынан бері Казталов аудандық ауруханасында 42 әйел босанған. Ауруханаға қарасты ауылдар мен елді мекендер бойынша 154 әйел жүктілік кезеңінде. Олардың денсаулығы уақытылы қадағаланып отырады. Сонымен қатар, ауруханада Президент Жолдауының туындайтын міндеттер де жүзеге асырылып, ана мен бала денсаулығына көңіл бөлінуде.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале