12.11.2024, 15:28
Оқылды: 101

Ауыл жастары әлем чемпионымен кездесті

Әлем чемпионы Өнер Сейілхан елге келген сапарында  коворкинг орталығында  жергілікті жастармен жүздесті. Ашық диалог форматында өткізілген шараға қос мектептің, Бөкей ордасы колледжінің шәкірттері арнайы келді.

спорт 1
Шараны тізгіндеген аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Медет Қаресов қатысушыларға сауалдарын ашық қойып, белсенділік танытуға шақырды. Боксқа қызығушылық танытқан жастар чемпионның спортпен неше жасынан бастап шұғылданғанын, жетістіктері, спорттағы жарақаттары, тіпті әлемдік додадан қандай сыйақы алғаны туралы да сұрады. Спортшыға тән байыпты да салмақты мінезімен Өнер бауырымыз барлық сұраққа жауап беруге тырысты. Жеке бапкері Берік Жарылқасынов та шәкіртінің спорттағы жетістіктері, алдағы жобалары жөнінде, еліміздегі бокс мектебінің дамуына хақында әңгіме өрбітіп, денсаулыққа мән беріп, ұйқы режимін бұзбай, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
Шара соңында спортшымен естелікке суретке түсіп, қолтаңба алды.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей Ордасы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале