24.05.2023, 15:30
Оқылды: 13

Ауылдарда тазалық мәселесі өткір тұр

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың округ жұртшылығымен жүздесу сапары Мичурин ауылында түйінделді.

IMG-20230524-WA0045

Округ әкімі Максим Мусалимов І тоқсанда атқарылған іс пен жоспарлы жұмыстар легін баяндап, жиналғандар өзекті сауалдарын жолдады. Он мыңнан аса халқы бар ауылдық округ те тазалық мәселесі өткір.

Округ әкімі Максим Мусалимовтің айтуынша, Зеленое, Октябрское ауылының тұрғындары үйлерінің айналасына қоқыс жәшіктерін орнатуға қарсылық білдіріп,  «Ораз таза сервис» ЖШС-мен келісім шартқа отыруға келіспеген. Әрбір үй иесі қоқыс жәшігінен шашылған тұрмыстық қалдықтар баспанамыздың маңын ластайды деп алаңдаулы. Алайда бүгінде ауылішілік тазалықты бір жүйеге келтіру мақсатында 200 дана қоқыс жәшіuін алып, орнату жоспарда тұр.

IMG-20230524-WA0046

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлнар Ізтілеуова ата-аналар күні христиан зиратынан шығарылған көң-қоқыстың ұшып, күн ысығанда жанып айналадағы тұрғындарды әбігерге салғанын айтады. Аталған мәселемен бірнеше мәрте округ әкіміне жүгінген ол қазіргі таңда тұрғындардың басын қосып, ауыл кәсіпкерлерінен түскен демеуқаржыға қаңылтыр қабырғалармен зиратты қоршауды бастап кеткенін, бұдан былай жауапсыз тұрғындардың  ішіне кіріп ішімдік ішіп, қажетсіз заттарын тастап, ластауына тыйым салынса деген өтінішін жеткізді.

Үй-жайы аталған зиратқа жақын орналасқан халықтың наразылығын ескерген аудан басшысы тазалық сақтамау дерегін байқасаңыз суретке не видеоға түсіріп, округ әкімдігіне жолдаңыз.

Айыпты азамат әкімшілік жазаға тартылады деді. Сондай-ақ есептік жиын барысында тұрғындар тарапынан интернет мәселесі, жол тарту, су қысымының төмендігі, жарықтың жиі өшуі сынды өзекті түйткілдер көтерілді.

Аудан әкімі кейбір проблемалардың себеп-салдарына үңіліп, шешімі уақытты талап ететінін не жергілікті тұрғындардың өздеріне байланысты екенін түсірдіріп, ал бірқатарының шұғыл шешілуін жауапты мамандарға жүктеді.

Т.Тек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале