21.12.2021, 17:00
Оқылды: 99

Ауыз су қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап ауыз су қымбаттайды. 2021 жылғы 13 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттары жергілікті және топтық су құбырларынан ауыз су берудің жаңа тарифін бекітті.

30

Жаңа тарифті БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы дайындаған. Қаулы жобасы қазан айының аяғында е-gov порталында «ашық НҚА» бөлімінде жарияланған.

Жаңа тарифке сәйкес, 2022 жылдың басында халық үшін 1 текше ауыз су бағасы  есептегіші бар тұтынушылар үшін үш есе, есептеу аспаптары жоқ адамдарға 5 есеге  қымбаттайды. Яғни, су есептегіш қойған тұрғын 1000 литр ауыз суға 90 теңге төлейді. Есептегіш қондырмаған тұрғын тап осы мөлшердегі таза суға 200 теңге жұмсайтын болады. Еске сала кетейік, жаңа жылға дейін бұл төлем сәйкесінше, 30 және 40 теңге.

Самал Жолдығалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале