2.02.2021, 9:38
Оқылды: 56

Әзиза  – қос бірдей жүлде иегері

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылындағы А.Құсайынов атындағы мектептің табалдырығын енді аттаған Әзиза Мәлікова республикалық байқауда үздік танылып үлгерді.

3F2BB9BF-3B84-4999-BD70-BD2C65D24801

Ол "Bala daryn" балалар мен жасөспірімдер байқауы жобасы ұйымдастырған "Әлем таныған Абай" жобасы аясында өткен  республикалық байқауда мәнерлеп оқудан ерекше өнер көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әзизаның олжасы тек мұнымен шектелмейді. Республикалық "Дара бала" журналының қолдауымен ұйымдастырған «Тәуелсіздік-Тұғырым!» атты байқауда да көркемсөз оқып, үздік танылды. Бұл жолы І дәрежелі дипломға ие болды.

 Раушан Бахитова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале