25.12.2023, 10:30
Оқылды: 13

Байқоныстықтар таңдауын жасады

Кеше Бәйтерек ауданының Байқоныста ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

IMG_20231225_020308_576

 

Саяси науқанға 5 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысты. Сол күні Байқоныс, Володар, Жайық, Новенкий ауылдарында сайлау учаскелері жұмыс жасады. Тіркелген 4660 сайлаушының 1612-сі дауыс берді. Сайлау нәтижесі бойынша Азамат Қоңыров ең көп, яғни 627 дауыс (41,3%) жинады.

IMG_20231225_020251_239

Ауа райының қолайсыздығына орай 2 автокөлік шығарылып, олар тұрғындарды сайлау учаскелеріне тасымалдады. Ал Володар ауылында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеге келген Орал қаласының және Дариян ауылының кәсіпкерлері жеміс-жидек, көкөніс, бал, ет, шұжық секілді азық-түлік өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынды.
Володар ауылында тұратын Сәрсенғалиевтар жанұясы сайлауға бәрі, яғни дауыс беру құқығы бар отбасы мүшелері келді.

- Біз осы уақытқа дейін ауылымызда өткен барлық сайлаудан қалмай қатысып келеміз.

Дауыс беру біздің отбасы үшін дәстүрге айналды. Жалпы мұндай саяси науқанға бейжай қарай алмаймыз. Себебі олар - ауылымыздың, еліміздің жарқын болашағы үшін ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар. Байқоныс ауылдық округіне әкім болып кім сайланса да іскер, адал, әділ, абыройлы, халқына жақын болсын деп тілейміз, - дейді әулеттің үлкені Самиғолла Әдиетұлы.

Нұрсәуле Әбілпейісова,

Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале