31.12.2019, 10:31
Оқылды: 192

Бәйтерек ауданына қарасты Достық және Трекин ауылдарында таза ауыз су құбыры іске қосылды

Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша Бәйтерек ауданының Достық ауылында қайта жабдықталған су құбыры мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтиды.

baiterek (3)

Халық саны күннен-күнге артып келе жатқан Достықта жыл сайын жүзден астам жеке тұрғын үй бой көтереді. Күні кеше ғана іске қосылған су құбыры әзірге ауылдағы әлеуметтік нысандар мен жаңадан бой көтерген 220 үйге қосылған.

baiterek (1)

- Ауыз су мәселесі қашан да Үкімет назарында. Бүгінгі қуаныш Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарлама жемісінің көрінісі. Біздің ауданда да орталықтандырылған ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді. Биылдың өзінде ауыз су мәселесі 7 елді мекенде жоспарланып, оның 4-еуінде шешімін тапты. Келер жылы да ауыз су мәселесін шешуге бағытталған жоспарлар бар. Аудан басшылығы әрдайым ел боп көтерген мәселелердің шешілуіне ат салысамыз, - деді ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтақан аудан әкімі Асхат Шахаров.

baiterek (4)

Шарада ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Мақсот Әлменов аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, жаңа құбыр халық игілігіне қолданылуын тіледі.

biaterek (1)

Трекин ауылының тұрғындары да мемлекеттік «Ақ бұлақтың» игілігін көруде. Бүгінде ауылға кіретін су құбырының құрылысы толықтай аяқталған. Бұрын ауыз суды ауласындағы жер құдықтан алып жүрген трекиндіктердің қуанышында шек жоқ. Жергілікті тарап қазіргі таңда 123 тұрғын үйді жаңа су құбырына қосқан. Болашақта мыңнан астам үйге таза ауыз су жеткізу жоспарда тұр.

biaterek (3)

Биыл аудан бойынша 7 ауылға ауыз су құбырын жеткізу ісін бастаған Бәйтерек ауданының атқамінерлері 4 ауылдың ауыз су мәселесін шешті. Олар – Егіндібұлақ, Достық, Трекин және Поливное. Қалған Асан, Үлкен Шаған және Володар ауылдарында бұл мәселе келер жылы шешімін таппақ.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

суреттерді түсірген: автор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале