3.02.2020, 18:17
Оқылды: 68

Бәйтерек ауданында «Ақшақар» туристтік жарысы өтті

Бәйтерек ауданы орталығы - Переметный ауылында шаңғымен спорттық бағдарлаудан дәстүрлі «Ақшақар» жарысы өтті.

baiterek (1)

Аудандық жас туристер стансасы туризм бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Мухиннің ұйымдастыруымен біраз жылдан бері үзбей өтіп келе жатқан жарысқа аудан мектептерінен  8 команда қатысты. Олар  чащоба, яғни, қалың шөп басқан аймақты еңсеру, жұқа мұз жапқан өзеннен шаңғымен өту, жарақат алған жанды жоғары көтеру, белгіленген шеңберге тоқтау әдісімен жоғарыдан түсу және шырша әдісімен биікке көтерілу сияқты бес кезеңнен сынға түсті.

baiterek (3)

Қызықты өткен сыйыс қорытындысында жүлделі үшінші орын Новень мектебінің «Азбука туризма», екінші орын Ульян мектебінің «Титан» командаларына бұйырса, Белес мектебінің «Жас қыран» командасы жарыс жеңімпазы атанды. Енді белестік оқушылар   облыстық жарыста аудан намысын қорғамақ.

baiterek (2)

-Жыл санап жарысқа қатысушылар қатары да, туризмге қызығушылық білдірушілер де көбейіп отыр. Болашақта бұл спорт түрі дами түсеріне сенім мол ,-дейді жарысты ұйымдастырушы Дмитрий Мухин.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале