22.03.2021, 8:37
Оқылды: 126

Бәйтерек ауданының әкімі ардагерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады

Дүниені жаңаша түрге бөлеп, күн мен түн теңелетін Наурыз мейрамында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов Дариян ауылында тұратын майдангер Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Татьяна Макиевскаяның шаңырағында болып, қарт ананы мерекемен құттықтады.

20210322_082231

– Тарихы тереңге бойлаған әз-Наурыз — дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, береке мен ынтымақтың бастауы. Халқымыз үшін бұл мейрам – жаңаруға бастайтын, ынтымақты айшықтайтын, өткенге ой жіберіп, болашаққа мақсат құратын ерекше кезең. Ұлыс күні сізге де тек жақсылық тілеймін. Еліміздің ырысы арта берсін. Жыл басы Отанымызға бірлік, әр шаңыраққа молшылық әкелсін. Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын, жаңа жылымыздың жаңа күнінің алғашқы нұры саналатын Наурыз мерекесі жетістік, молшылық пен татулық сыйласын. Әркез ортамызда аман отырғайсыз. Шаңырағыңызда ырыздық пен береке нұры шалқысын, – деді М.Тоқжанов.

Кейін аудан әкімі майдангер анаға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хаты мен мерекелік себет тарту етті.

20210322_082213

Жас өмірін Отан қорғауға арнаған Татьяна Ивановна әр мереке сайын елеп-ескеріп, амандық сұрай келетін облыс, аудан басшылығының жұмысына сәттілік тіледі. Одан соң Рубежка ауылына ат басын тіреген аудан әкімі тағы бір Ұлы Отан соғысының​ ардагері, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Александр Старцевтің отбасына арнайы барып, сый-сияпат тарту етті.

20210322_082142

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген аудан басшысы сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерлігіне бүгінгі ұрпақ бас иетінін​ айта отырып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге өңір басшысының алғысын жеткізді. Оған соғыс ардагері ел үшін от кешкен майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп,​ әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді. Бұдан бөлек мұндай құрмет Краснов ауылдық округі Погодаев ауылында тұратын ардагер Владимир Шкуратовқа да көрсетілді. Оған облыс және аудан әкімдерінің құттықтау хатын аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев тарту етті.

Сондай-ақ переметныйлық ардагер Макар Дорошенкоға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов мерекелік құттықтау хатын табыстады.

Гүлжан Аязбаева,
Түгелбай Бисен
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале