23.08.2026, 15:30
Оқылды: 8

Бәйтерек ауданының әкімі дауыс берді

Еліміздің тарихында алғаш рет Құрылтай депуттарының сайлауы жүріп жатқаны белгілі. Соған орай Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов Переметныйдағы №157 сайлау учаскесіне барып, дауысын берді.

image-23-08-26-03-32-2

–Бүгінгі, 23 тамызды еліміздің одан әрі даму және жаңғыру бағытын айқындайтын күн деп айтуға болады. Соған орай отандастарымыз жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр. Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы атап өткендей, осы Құрылтай еліміздің дамуына тың серпін берері анық. Ауданымызда сайлауды дайындау және ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Жерлестеріміздің дауыс беру, өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне жақсы келіп жатқаны қуантады. Бәйтеректіктер алдағы уақытта да азаматтық жауапкершілік танытып, республикамыздың дамуына өз үлесін қоса беретініне сенімдімін, – деді Марат Лұқпанұлы.

image-23-08-26-03-32-1

Айта кетейік, Бәйтерек ауданы бойынша 1 аумақтық, 54 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасауда.

 

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале