4.02.2020, 16:44
Оқылды: 108

Бәйтерек – инвестициялық жобаларды тартуда көш басында

Бүгін Бәйтерек ауданында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаровтың есептік кездесуі өтті.

 baiterek esep (8)

Есептік кездесудің алдында өңір басшысы Калинин ауылынан салынған 2 қабатты 12 пәтерлік екі тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысты.

Аудандық мәдениет үйі фойесінде өңір басшысы Ғ.Есқалиев бәйтеректік еріктілермен кездесіп, инвестжобалар, Жастар жылы, Еріктілер жылына орай жасақталған көрме жұмыстарымен танысты.

baiterek (20)

Есептік кездесуде ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы бейнебаян ұсынылды.

Аудан халқы алдында аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, биыл атқарылмақ жұмыстарды баяндаған аудан әкімі Асхат Шахаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталды.

2019 жыл басына халықпен есептік кездесуде тұрғындардан 70 ұсыныс-пікір түсіп, 90% шешімін тапқан.

Бәйтеректік тұрғындар алдында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы сөз сөйледі.

- Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары! Биылдан бастап аудан әкімдерінің есептік кездесуі форматы өзгере бастады. Президум жоқ, галстуксыз ашық диалогқа көштік. Бұл әрине, сіз бен біздің байланысымызды нығайта түседі. Еркін форматта елмен бірге түйткілді мәселелерді шешу – біздің басты мақсатымыз.

Бәйтерек ауданы – әлеуеті жоғары, облыс орталығы мен аудандарды, аймақтарды түрлі өнімдермен қамтамасыз етіп отырған іргелі аудан.

Қалаға жақын орналасқандықтан қоныс аударып келушілер де көп. Бұл өлкеде инфрақұрылым да қарқын алған. Көптеген нысан бой түзеп келеді. Сол себепті жұмыс көзін табу да жеңілірек.

Қалаға асыққан жастар алдымен еңбек жолдарын Бәйтерек ауданы секілді қалаға жақын орналасқан аудандардан бастау керек.

Бәйтерек ауданы бойынша инвесторлармен жұмыс жасауда жоғары дәрежеде. Биыл ауданда 53 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ел болғасын жерде түрлі мәселелер де кездеседі. Біз мәселелерді барынша шешетін боламыз, - деді облыс әкімі Ғ.Есқалиев.

baiterek esep (7)

Өңір басшысы ауданның, облыстың өркендеуі мен дамуы жолында елеулі қызмет атқарып келе жатқан бәйтеректік Б.Асанов, М.Жәкібаев, И.Енютин сынды кәсіпкерлерге алғысын айтты.

baiterek esep (12)

Есепті кездесуде Январцев ауылының тұрғыны Валентина Михайлова, еңбек ардагерлері Теміржан Ихсанұлы, Александр Лебеденко, Николай Анципрович, мичуриндік Болат Абдухалықов сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

baiterek esep (6)

Кездесуден соң өңір басшысы Бәйтерек ауданы тұрғындарын жеке мәселесімен қабылдады.

baiterek esep (2)

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

baiterek esep (1) baiterek esep (4) baiterek esep (5)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале