6.10.2024, 17:38
Оқылды: 117

Бәйтеректе 102 жастағы қария дауыс берді

​Бәйтерек ауданында тұратын 102 жасар Серахитдин Байғалиев атамыз үйінде өз таңдауын жасады.

10

Мичурин ауылдық округінің Асан ауылында тұратын Серахитдин Байғалиұлы – Сырым елінің тумасы.

Жымпиты өңірінде көлік жүргізуші болып еңбек еткен ол ширек ғасырдан астам уақыттан бері Асан ауылында өмір сүріп келеді. Бес перзент сүйді. Бүгінде кіші баласы Құдайдолланың, немере-келінінің қолында. Ғасырдан асқан қария әлі тың.

Еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне мол үлесін қосқан қария бүгін болашақ ұрпақ үшін өз таңдауымды жасаған айтып, жастарға арлы, қатарының алды, жан-жақты, төрт құбыласы тең азамат болыңдар деп батасын берді.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале