26.12.2019, 20:50
Оқылды: 31

Бәйтеректе имамдар бас қосты

Бүгін Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залында «Дін – ұлтымыздың рухани мұрасы» атты басқосу өтті. Оған аудан мешіттерінің имамдары мен ауыл молдалары қатысты.

baiterek (2)

-Қазір қоғамда неше түрлі мәселе бар. Жеке-жеке қарасақ, бәрі де өзекті. Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып жүрміз. Көпті көрген көне көздер біраз жайды қозғап та жүр. Десек те, бүгінгідей басқосулардың маңызы ерекше. Жасыратыны жоқ, дінді екінші орынға қойып, ешнәрсенің байыбына бармай жүргендер әлі де арамызда баршылық. Ал діни білімнің ошағы – мешіт екені баршаға аян. Сондықтан жат ағымның жетегінде кетпеу үшін діни сауатымызды да ұштай түскен абзал , - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыров.

baiterek (1)

Басқосуда имамдар мен молдалар жаназа шығару, жерлеу рәсімін атқару, дінге қызығушылығы бар тұрғындарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері төңірегінде салиқалы әңгіме өрбітті.

Ал халықпен тығыз байланыста болып, асыл дінімізді халыққа жеткізуде имамдардың білімі де мықты болу керектігі айтылды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале