6.11.2019, 15:41
Оқылды: 87

Бәйтеректе «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті

Бәйтерек ауданы Переметный ауылында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Оған ауданға қарасты бірқатар мекеме-кәсіпорын ұжымы қатысты. Шара барысында мекемелердің қыс мезгілінде орын алар төтенше жағдайларға дайындық барысы пысықталды.

 baiterek tj (1)

-5-6 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы аумағында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтуде. Аталған шара облыстық, қалалық және аудандық азматтық қорғаныс жүйесінің қыс кезінде орын алар төтенше жағдайларда дайындығын пысықтауға бағытталған. Мәселен, қыстың қатты болуы, электр желілерінің үзілуі, су құбырларының жарылуы, сондай-ақ мектеп, аурухана және өзге де мекемелердің қалыпты жұмыс жасауына дайындық барысын тексеру. Былтыр қардың қалың түсуі республикалық маңызы бар тас жолдарда кездесті. Бұл төтенше жағдайлар дер кезінде жойылды. Ал үлкен төтенше жағдайлар орын алған жоқ, - дейді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, майор Ерлан Әлмешов.

baiterek tj (3)

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, капитан Николай Сламихиннің айтуынша, өткен қыс мезгілінде ауданда 80-дей көлік қар құрсауынан құтқарылдған.

baiterek tj (4)

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале