5.06.2026, 9:30
Оқылды: 23

Бәйтеректе үздік оқушылар марапатталды

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов оқуда үздік, білім олимпиадаларында топ жарған, ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз болған оқушылармен кездесті.

image-05-06-26-08-01-5

Достық мектебінде ұйымдастырылған бұл іс-шара «Дарынды диалогы: әкім және жеңімпаз жастар» атты тақырыпта өтті. Оған Көшім, Махамбет, Егіндібұлақ, Достық, Белес, Байқоныс, Переметный, Дариян, Январцев, Мичурин ауылдық округтарындағы мектептердегі 5-11-сынытардың 21 оқушысы қатысты.

– Сіздер – ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыз, ел-жұрт сенім артқан жандарсыздар. Республикалық, облыстық олимпиадаларда, түрлі білім додаларына қатысу, жеңімпаз атану – бұл оңай емес. Жүйелі жұмыс пен үлкен еңбектің нәтижесі. Білім жолындағы осынау және алдағы уаықттағы жетістіктеріңіз жарқын болашаққа жасаған  қадамдарыңыз болып саналады.

Сіздер ауданымыздың ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген дарынды ұл-қыздарысыздар. Елге адал қызмет ету, туған жердің дамуына үлес қосу – баршамыздың міндетіміз. Болашақта сіздер де осынау міндетті абыроймен орындайтындарыңызға үмітіміз зор. Алға қойған мақсаттарыңыз айқын, білім жолындағы еңбектеріңіз сәтті болсын! Біз әрдайым сіздерді қолдауға дайынбыз, - деген Марат Лұқпанұлы бұл оқушыларға құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

image-05-06-26-08-01-7

Өз кезегінде сөз алған шәкірттер мектебі, ұстаздары, олимпиадаға, ғылыми жобаларға дайындық, жеңімпаз атанғанын естіген сәттегі сезімдері, кімнен мотивация алғандары жөніндегі ойларын ортаға салды. Ал Дарияндағы Абай мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Әйгерім Уәлиева аудан басшысына естелік сыйлығын тарту етті.

 

Гүлжан Серікқызы,

Бәйтерек ауданы

image-05-06-26-08-01-6 image-05-06-26-08-01-2 image-05-06-26-08-01-1 image-05-06-26-08-01 image-05-06-26-08-01-3

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале