29.01.2020, 9:52
Оқылды: 124

Бәйтеректік кітапханашылар марапатталды

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткен жылды қорытындылап, үздік кітапханашыларды марапаттады.

baiterek kitaphana (1)

Аудандық деңгейде өтетін барлық мәдени-көпшілік шараларға белсенді араласып, қандай шараны да жоғары деңгейде ұйымдастыратын кітапханашылардың еңбегі зор. Барлық ауылдық округтерден келген кіапханашылардың басы қосылған салтанатты кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыров пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов қатысты.

-Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзатпен бірге жасасып келе жатыр. Ал кітапханашы – оқырман мен кітап арасын жалғаушы алтын көпір. Қасиетті қазына саналатын кітаптарды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап жүрген кітапханашыларымыздың еңбегі ерен, - деп шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр ҚР-ның Ұлттық кітапханасының директоры, қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы Бақытжамал Оспанованың «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен Чинарев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сарбиназ Қобдабаеваны, аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің алғыс хатымен Гуля Тайлақова, Зәуреш Габдулиева, Лилия Саманюк пен Ақгүл Абдрахманованы марапаттады.

baiterek kitaphana (3)

Салтанатты шараға келген Радик Мақсотұлы да өткен жылды қорытындылап жатқан кітапханашылар қауымына өзінің ақ жарма тілегін білдіріп, бір топ үздік кітапханашыға алғыс хат табыс етті.

Кеш барысында «Үздік кітапханашы» аталымында жеңіске жеткен Зеленый ауылдық балалар кітапхасының кітапханашысы Ләззат Ниетбайқызы мен «Үздік жас кітапханашы» аталымын жеңіп алған Новенький ауылының кітапханашысы Ләззат Құсайынқызы марапатқа ие болды.

baiterek kitaphana (4)

Бұдан бөлек, жиналғандарға Абай ақынның – 175, Әл Фарабидің 1550 жылдығына арналған кітап көрмесі де таныстырылып, аудан көркемөнерпаздары әсем әндерін арнады.

Кеш соңында кітапхана ісінің ардагері Гүлнара Әлмұханова кеш ұйымдастырып, саланың үздіктерін марапаттап жатқан ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале