28.01.2020, 15:46
Оқылды: 95

Бәйтеректік спортшылар жеңіске жетті

Орал қаласында  «Шаңғы бағдар - 2020» облыстық жарысы өтті.

baiterek (1)

Жыл санап дамып келе жатқан шаңғымен бағдарлау спорты Бәйтерек ауданында да қарқын алып келеді. Биылғы өткен жарысқа барлық аудан мен Орал қаласынан 200-ден астам спортшы қатысты. Аталмыш бәсеке «Шаңғы жарысы», «Орта қашықтық», «Спринт» және «Ұзақ қашықтық» сияқты бірнеше спорт түрлері бойынша өтті.

baiterek (3)

Онда аудан намысын қорғаған Бәйтерек ауданының спортшылары тамаша нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтсақ, сайыста барлығы 763,99 ұпай жинаса, орта қашықтықта 603,55, спринтте 656,91, ұзақ қашықтықта 668,37 ұпайға қол жеткізді. Осылайша аудан спортшылары командалық есепте бірінші орынға шықты.

Енді бағдарлаушылар алдағы жарыстарға дайындықтарын пысықтауға кірісіп кетті.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале