Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты
30 Қыркүйек 2023

Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

«Бала дауысы» байқауы мәреге жетті

Ерекше дарынды балаларды таңдап, өнерлі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, есімдерін елге таныту мақсатында Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында «Бала дауысы» аудандық байқауы өтті.

InShot_20220901_160756254

Ақпан айында басталып, ауылдық округтерде іріктеу кезеңдері өткізілді. Аудан бойынша  сексенге  жуық өнерпаз қатысты. Ән әлеміне қанат қаққан өнерлі өрендер туған жерге, ата-анаға, әлемге, балалық шаққа, достыққа деген сүйіспеншілікке толы әндерді шырқады.

Байқау нәтижесінде Ақтау ауылдық округінің Инсар Мерекеұлы бас жүлдеге ие болып, жеңімпаз атанды.

6-10 жас аралығында өнер көрсеткен өнерпаздардың арасынан Амангелді ауылынан қатысқан Жансая Есенғали, 11-16 жас аралығында Оян ауылынан қатысқан Айару Әбухан оза шауып  І орынға ие болды.

 ІІ орынды 6-10 жас аралығындағы үміткер Салтанат Ұзақбаева /Қазақстан/, 11-16 жас аралығында Инара Байбулатова /Бірлік/ иеленсе, ІІІ орынға 6-10 жас аралығындағы қатысушылар Аяжан Ерғали /Шежін/, Рысқали Эльнара /Мереке/,  11-16 жас аралығында Аңсағаным Жұмаш   /Шежін/,  Талапқали Айқын /Амангелді/ өзара бөлісті.

Сонымен қатар Рахым Рамазан «Жас толқын» /Мерей/, Алтынзер Берік «Өнерлі өрен» /Тасқала/, Мирдана Избасарова «Көрермен көзайымы» /Достық/, Аминат Длимова «Жас дарын» /Бірлік/, Жасұлан Айкөркем  «Самға, жас қыран»  аталымдарымен марапатталды.

Жоғары деңгейдегі дайындықпен келген, сахналық образымен ерекшеленген,  талғамының көркемдік деңгейімен, орындау шеберлігімен дараланған жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

                                                                                                  Бинұр Хабидашева,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале