21.06.2022, 20:03
Оқылды: 131

Балалар ойын алаңы ашылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы жылды балалар жылына арнағаны әмбеге аян. Осы орайда ауданымызда бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Мәселен, бүгін Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округінде балаларға арналған ойын алаңы ашылды.

IMG-20220621-WA0102

Ашылу салтанатында сөз алған аталмыш округ әкімі Ж.Ахметов балаларды қуаныштарымен құттықтап, алаң ішін күтіп ұстауға шақырды.

Сондай-ақ ауыл ақсақалы Т.Дәукенов ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

Бұл алаңның салынуына тапсырыс берген Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты, ал заманауи балалар алаңын уақытында сапалы ұсынған мердігер «Бизнес Строй» ЖШС екенін айта кеткен жөн.

Айшабибі Мәмет, 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале