29.02.2024, 17:15
Оқылды: 9

Бас жүлдені мерекеліктер жеңіп алды

Бүгін Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінде аудан жастары арасында «Еңбек кубогі – 2024» биатлон спортынан жарыс өтті.

фото мереке 1

Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық қарым-қатынас орнату, жастар арасында қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Мереке ауылдық округі І орынды жеңіп алды.

мереке 2

Ал ІІ орынға Достық ауылдық округі, ІІІ орынға Шежін ауылдық округі ие болды. Сондай-ақ «Белсене қатысқаны үшін» аталымын Ақтау ауылдық округі және Достық ауылдық округі еншіледі.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале