16.11.2022, 17:16
Оқылды: 31

Белсенді жастар бас қосты

«Қазына» коворкинг орталығында аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров белсенді жастармен жүздесті. Жиынға Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Сатыбалдиев, Теректі ауылдық округінің әкімі Әсет Әубәкіров, әр округтің жастар жетекшілері мен ауданның түрлі саладағы белсенді қызметкерлері қатысты. 

8

Басқосу барысында аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы жастардың айтар ойлары мен көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салуды сұрады.

Аудандық мәслихат депутаты Әділет Орынбасаров былтырғы жылы көтерілген Г.Креймер атындағы саябақ салу жәйі мен ауылдардағы  трансформаторларды қоршау жөнінде мәселе көтерді. Одан бөлек ауданымыздағы жазба ақындар жайын да естен шығармай «Ғазал» жас ақындар клубының жыр жинағын шығару идеясын да қайта ұсынды.

9

Сондай-ақ, еріктілер, қатынас көліктері, спорт жағынан қолдау,  ашық тұрған иесіз құдықтарды бекіту секілді өзекті мәселелер де қаралды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан  Кәдірғалиев ауданда атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

- Аудан көлемінде «Тақсай-2022» халықаралық туризм күніне орай екі күнге созылған жастар лагері, StreetWorkout, «Жастар FEST» секілді ауқымды шаралар болды. Қатарымызда 195 ерікті бар. Олар спорттық, мәдени шараларды ұйымдастыруға көмектеседі.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізуде спорттық шаралардың орны бөлек. Бұл бағытта аудандық әкімдіктің қолдауымен, өзге де қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жеңіл атлетика, қазақша күрес, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар  жиі ұйымдастырылады. Жақында ғана мини-футболдан Шалқар ауылында жарыс болып, «Бозай» командасы бас жүлдені алған болатын. Одан бөлек Ақсуат ауылында волейболдан турнир, Подстепныйда футбол ойыны өтті,— деді Нұрсұлтан Жасұланұлы.

10

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Жанаргүл Жақия  жастарға арналған «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі»», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бағдарламалар жөнінде ақпараттар берді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале