16.03.2018, 12:04
Оқылды: 32

Биыл Талдықұдық ауылына көгілдір отын жетеді

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Талдықұдық ауылында болып, мұндағы ауылдың үлкендері мен ақ жаулықты аналармен жүздесті.

-14 наурыз - Батыс аймағы бойынша көрісу айт мерекесі. Соған орай кеше аудан орталығында мерекелік шара өтіп, бүгін өздеріңізбен жүздесудің сәті түсіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары бұл мерекенің маңыздылығы ерекше. Сіздердің отбасыларыңызға бақыт береке, елімізге тыныштық,-тілеймін деген Абат Абайұлы ауданымыз бойынша атқарылып жатқан және алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жалпы Талдықұдық ауылында бірқатар жұмыс қолға алынып отыр. Соңғы жылдары мектептің алдына шиыршық тастар төселіп, мектеп бітірген түлектер субұрқақ орнатса, талдықұдықтық Манарбек Идрисов ауылдың қақ ортасына өз қаражатына үш пәтерлі тұрғын үй салып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен футбол алаңы мен балалар ойын алаңы да соңғы жылдары салынған болатын.

-Ауданымыздың бірқатар елді мекені көгілдір отынның игілігін көре алмай отыр. Соның ішінде Талдықұдық ауылы да бар. Бүгінгі күні ауданды көгілдір отынмен қамту 44 пайызды құраса, жобалық сметалық құжаты жасақталған ауылдарды газдандыру жұмыстары аяқталған соң 77 пайызға жетпек. Биыл Талдықұдық ауылына көгілдір отын келіп, игілігін көру көп алыс емес. Облыс басшысы Алтай Көлгінов Талдықұдық ауылына көңіл бөліп, ұялы байланыс мәселесінде шешуді тапсырған болатын. Бұл жұмыстарды да қолға алып, ауылдас ағайындар мұның да игілігі көретін болады,-деген аудан басшысы мектептің ішінен мұражай жасақтау қажет екенін сөз етті.

Кездесу барысында ауылдастардың ұсыныс пікірлері айтылып, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді. Мұнан кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков мектептің акт залында оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Кездесу соңында С.Есетов атындағы орта мектептің және шағын орталықты аралады.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

Талдықұдық ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале