2.07.2019, 18:19
Оқылды: 233

БҚО әкімі Тасқала ауданына барды

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев бастаған бір топ өкіл Тасқала ауданына келді.

tasqala (4)

Алдымен аудан орталығынан жеті шақырым жердегі Бірлік ауылына атбасын бұрды. Ауылдағы 5000 бас малға арналған «Taskala-ET BKO» ет бордақылау алаңын көрді. Жобаның құны – 1,3 млрд. теңге.

Мұнда бордақыланған бұқашықтардан алынған ет өнімі тек БҚО емес Атырау, Ақтөбе облыстарындағы сауда-кәсіпорындарына жіберіледі. Күні бүгін мал бордақылау алаңында жаңадан 28 жұмыс орны ашылған.

Бірліктен соң облыс әкімі аудандық ауруханаға жақын жердегі дамбының жағдайымен танысты. Айта кетейік, дамбы көктем мезгілінде өзен суының кесірінен үнемі жырылып кетеді.

DSC_0008

Сондай-ақ аудан әкімі Алдияр Халелов ауданда атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап, жоспармен бөлісті. Одан әрі өңір басшысы әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесті.

tasqala (10)

Тұрсын Тек,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале