Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

БҚО-да шекара қызметкерлері қысқы спорт түрлерінен сайысты

Тасқала ауданы орталығы маңында барлық шекара қызметкерлері арасында шаңғы тебуден аймақтық жарыс өтті.

IMG_4570

Бұл сайыста еліміздің әр жерінен келген шекарашылар өзара бақ сынасты.

– Тасқала ауданында орналасқан далалық оқу орнында аумақтық бөлімшелер арасында шаңғы биатлоны ұйымдастырылды. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай және Ақтөбе облыстарынан барлығы сегіз команда келіп, бақ сынауда. Шаңғы биатлонынан жарыс Тасқала ауданында алғашрет өткізіліп жатыр, – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің тәрбие және идеология жұмыстары бөлімі консультанты, майор Ғани Қадырханұлы.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық шекара қызметінде осындай жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады. Жарысқа төрелік етуге Павлодар облысының шекара департаментінен келіп отырмын. Ең үздіктеріне ТМД мемлекеттері және әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуға рұқсат беріледі. Өзіміздің әскери жарғыға сәйкес дене шынықтыру, түрлі кітаптар мен нұсқамалар бойынша әр әскери қызметкер өзінің спорт деңгейін көтеріп, спорттық мансаптарға байланысты жұмыстанады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Павлодар облысынан келген шекара қызметкері Айбек Жүтеков.

IMG_4543
Ұзындығы бес шақырымнан асатын шаңғы жарысы барысында сайысшылар дене белсенділігінен кейін нысанаға бекітілген қарудан (ДММ, АК-74) атуды орындады.

Құрамында қызметтік иттері бар топтардың іс-қимылдары, байланысшылардың дағдылары, тегіс емес учаскелерді еңсерулері бағаланды

. Жарыс нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті бірінші, Павлодар екінші, СҚО үшінші орынға ие болды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале