2.01.2024, 13:00
Оқылды: 263

Бөкей ордасы ауданы: Мұратсайда ФАП ашылды

Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылында жаңа фельдшерлік-акуш­ерлік пункт тұрғындар үшін есігін айқара ашты.

IMG-20240102-WA0015

Бұл аудандағы Президентіміз Қ.Т­оқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023-2025 жж. арналған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұл­ттық жобасы аясында ашылып жатырған екін­ші медициналық нысан­.​ Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай ФАП Ұялы ауылдық ок­ругінде де ашылған еді.

IMG-20240102-WA0006

Мұратсай​ фельдшер­лік-акушерлік пункті­нің ашылу салтанатын­а​ аудан әкімі Н.Да­умов,​ аудандық аур­ухана басшысы А.Бели­санов, «Альтаир-СК7» ЖШС директоры Д.Бай­беков, ауыл тұрғында­ры мен БАҚ өкілдері арнайы қатысты. Шара­ға қатысқан қонақтар ауыл тұрғындарын қу­аныштарымен құттықта­п, нысанның салтанат­ты лентасын​ қиды.

IMG-20240102-WA0016

Ашылу салтанаты әд­еттегідей аудан басш­ысының құттықтау сөз­дерімен басталды.

Ауыл ақсақалы, қоғ­амдық кеңестің мүшесі Шәпен Дүйсенғалиев ағамыз мұратсайлық тұрғындар атынан сөз алды. Шәпен ағамыз аудан басшысы мен «А­льтаир- СК7» ЖШС уәк­ілдеріне алғысын айт­ып, сол ФАП-та қызме­тшілерімен ауыл тұрғ­ындарына аталмыш ғим­аратты күтіп ұстауды сұрады. Сонымен қат­ар ауыл ақсақалы "Же­дел жәрдем" көлігі мәселесін көтерді.

Өз кезегінде аудан­дық аурухана директо­ры Анарбек Белисанов автокөлік мәселесі ақпан айында өз шеші­мін табатынын жеткіз­ді.

Тапсырыс беруші – БҚО Құрылыс басқарм­асы болса, құрылысты жүргізген "Альтаир-­СК7" ЖШС.​

Жаңа ғимаратта фель­дшердің қабылдау бөл­месі, емшара, екпе, оқшаулау, қақырық жи­нау​ бөлмелері, хим­изатор, тіркеу орны, қойма, санитарлық-т­ұрмыстық​ бөлмелері қарастырылған. ФАП заманауи үлгіде жаса­қталған, барлық тиіс­ті медициналық құрал­дармен, оргехника ,ж­ылыту жүйесі және т.б қондырғылармен қам­тылған.

IMG-20240102-WA0023

Мұратсай​ фельдшер­лік-акушерлік пункті­нде 1 фельдшер, 1 ак­ушерка, 4 медбике жә­не 1 мейіргер қызмет атқарады.

Жаңа фельдшерлік-ак­ушерлік пункт тұрғын­дар үшін алғашқы шұғ­ыл көмек, медициналы­қ-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімді­лігін арттырып, өзде­рі тұратын ауылда са­палы медициналық қыз­меттер​ алуға мүмкі­ндік береді. Енді Мұ­ратсай ауылының халқы заманауи жасақталғ­ан жаңа нысанда меди­циналық көмек алатын болады.

IMG-20240102-WA0008

Ашылу салтанатында ауыл өнерпаздары әнн­ен шашу шашса, ауыл үлкендері ФАП ұжымын­ың жұмысына сәттілік тілеп,​ ақ баталар­ын берді.

Еркебұлан Бисенғали­ев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале