28.10.2019, 17:45
Оқылды: 239

Бөрлі ауданында волейболдан әкім жүлдесі сарапқа салынды

Жастар жылына орай және Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан әйелдер арасында аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

borli (1)

Жарысқа Бөрлі ауданы, Бөрлі ауданының әкімдігі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, "Конденсат" АҚ, КПО б.в., Ақбұлақ ауылдық округі командасы қатысты.

borli (3)

Тартысты өткен жарыс қорытындысында Бөрлі ауданы командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің командасы, үшінші орынға "Конденсат" АҚ командасы жайғасты.

borli (5)

Руфина Муртазина «Үздік байланыстырушы», Мөлдір Сержанқызы «Үздік шабуылшы», Элина Надыршина «Үздік ойыншы», Айнұр Қуанышкалиева «Үздік қорғаушы» атанды.

borli (2)

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале