11.05.2020, 18:40
Оқылды: 91

Бөрлі емханасына - жаңа жедел жәрдем көлігі

Апта басы бөрліліктер үшін жағымды жаңалықпен басталды.

660F9D4C-1338-4E1C-AC46-1CAD17A0F381

Қауіпті індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлерін барынша қолдау мақсатында бүгін «Казбургаз» АҚ, нақтырақ айтсақ «Казбургаз» АҚ вице-президенті Бауыржан Дүйсенов Бөрлі аудандық ауруханасына жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

99DCF94C-1970-4CB7-9CE3-9DE71FA28816

Бауыржан Бекбергенұлы аудандық емхана басшысы Шыңғыс Сәрсенғалиевке көлік кілтін табыстай тұрып, «Қауіпті кеселмен күрес жолында медицина қызметкерлерінің еңбектері орасан зор. Ел игілігі жолындағы жұмыстарынызға табыс тілеймін», - деп өз лебізін білдірді.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале