1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады
15 Қазан 2021

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады

8.07.2020, 11:50
Оқылды: 49
Бөрліліктер қос қуанышқа кенелді

Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында Бөрлі ауданына қарасты Бумакөл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

65BCD33B-ABF7-466B-B49C-C4CE4C94FD54

Республикалық "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында жаңа кейіпке енген нысан үш айдың ішінде толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов қатысты.

4E789A81-50E8-487B-9ED7-E02B06EDC39E

Бумакөлдегі бұл ғимараттың салынғанына жарты ғасырдан асқан. Содан бері бір рет қана күрделі жөндеу көрген. Нысанның қабырғаларынан жел гулеп, іші мұздай суық болатын. Биыл мемлекеттік бағдарламаның арқасында  Бумакөл ауылы тұрғындарының көптен бергі тілегі орындалды. Медициналық мекеме жаңа кейіпке еніп, тұрғындардың сапалы медициналық көмек алуына барлық жағдай жасалды. Медициналық мекеме бумакөлдіктермен қатар округқа қарасты Облавка, Утвинка елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсететін болады. Жаңа, жарық, заманауи ғимаратта дәрігерге дейінгі ем-шара, акушерлік, дені сау бала, салауатты өмір салты бөлмелері бар. Фельдшерлік-акушерлік пунктте 2 маман – жалпы тәжірибедегі медбике қызмет етеді. Мекемеге алдағы уақытта белгіленген кесте бойынша аудан орталығынан әртүрлі бейіндегі дәрігерлер келіп қабылдау жүргізетін болады. Жалпы ғимаратты жөндеу жұмыстарына 10 ауыл тұрғыны тартылған. Аз ғана уақыттың ішінде сапалы жұмыс атқарған мердігер «Назтур» ЖШС.  

- Жұмыс сапалы жасалды деп айта аламыз. Үш жыл кепілдігіміз бар. Осы жылдар ішінде ғимараттағы бүлінген жерлерді жөндеп береміз. Жұмыстар бойынша шатыры, жарлары, терезелері түгелімен жаңадан салынды. Жұмыстарға 44 млн. теңге ақша бөлінді. Онымен қоса ауланы қоршап, абаттандырдық. – дейді «Назтур» ЖШС директоры Лесбай Елеусінов.

Арайлы астанамыздың мерейлі мерекесі күні бөрліліктер үшін жағымды жаңалық болған тек бұл емес. Аудандық  аурухана екі бірдей су жаңа жедел жәрдем көлігімен және бір жеңіл автокөлікпен толықты. Әлеуметтік жауапкершілікті осынау қысыл-таяң кезінде жете сезінген КПО б.в. компаниясы аудан халқына тамаша тарту жасады. LADA Largus базасындағы қос жедел жәрдем көлігінің іштері кереуетпен, қажетті құрал-жабдықтарды қоятын қондырғылармен жабдықталған.

C971E59A-34EE-497F-B669-4529DB8E1F51

- Коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу мақсатында жергілікті кәсіпкерлер мен мекемелер өз тараптарынан көмек, қолдаударын көрсетіп жатыр. Мұның барлығы да халықты денсаулығы үшін, халықтың игілігі үшін қолданылатын нәрсе. Соған байланысты осы жұмыстарды атқарып отырған барша демеушілерге аудан халқы атынан алғыс айтамын. Бұған дейін аудандық аурухананың автопаркі "Казбургаз" АҚ сыйлаған 1 жедел жәрдем көлігімен толыққан еді.

31CD45CC-7A93-4F31-8CDB-AB67E47C5F9F

- Қазіргі таңда күндіз-түні халыққа жедел көмегін көрсетіп отырған жедел жәрдем көліктері УАЗ көлігі автобазасында болса, берілген жаңа жедел жәрдем көліктері берілетін көмектің уақтылы және сапалы тез арада көмек көрсетуін жақсартады. Бізге тиесілі 6 ауылдағы жедел жәрдем көліктерінің жүруінен тұруы көбейіп тұр.  Аудан орталығындағы УАЗ автокөліктерін сол аулыдардағы ФАП пен медициналық пункттерге бергелі отырмыз. Қазіргі таңда облыстық жедел жәрдем мекемесіне қарасты екі бригада, аудандық ауруханаға қарасты жедел медициналық көмек 1 бригадасы. Жалпы ауданда тәулік бойы 3 бригада жедел көмек жасап отыр. Бірақ бұл халыққа әлі жеткіліксіз. Қазіргі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты халық арасында аурудың таралуына байланысты болашақта келетін медициналық кадрлардың арасынан тағы жедел медициналық көмек беретін бригадасын жасақтау жоспарымыз бар, – дейді, аудандық аурухана директорының м.а. Шыңғыс Сәрсенғалиев

Жалпы, КПО компаниясы аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы нығаюына зор үлес қосуда. Айталық, жуырда КПО б.в. компаниясы аудандық ауруханаға медициналық жабдықтарды, өкпені жасанды дем алдыру функциясы бар наркоз аппараттарын, компрессорларымен бірге анестезиологиялық құралдарды сыйға берген еді. Онымен қоса бүгінгі мерекеге орай "Ақсай индустиалды паркі" серіктестігі аудандық аурухананың меншігіне LADA Vesta базасындағы жеңіл автокөлік сыйға тартты.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале