22.10.2021, 16:55
Оқылды: 85

Бұлдырты ауылында түсінік жұмыстары жүргізілді

Бұлдырты ауылдық округінде аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен аудан тұрғындарына екпе алудың маңыздылығы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

25

-Ұжымдық иммунитет бәріміз үшін маңызды. Вакцина алғандар саны күн санап артқанымен, толықтай вакцинация жүргізілмейінше ұжымдық иммунитет қалыптаспайды, -деді түсінік жұмыстарын жүргізген аудандық аурухана директоры Роза Тахамбетова.
Одан бөлек, вакцинация мәселесіне байланысты тұрғындармен еркін әңгіме барысында,
- Өзінің ғана емес, отбасының да саулығына алаңдайтын тұрғындар, әсіресе, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар күн тәртібіндегі бұл мәселеге бей-жай қарамасы анық,- деп сөзін түйіндеді Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале