27.12.2023, 9:45
Оқылды: 34

Чукуровтың шәкірттері чемпион атанды

Самбо күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер мен 2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында “Чемпиондар додасы” атты ашық қалааралық турнир өтті.
f4e0d93f-d9eb-4f26-a620-a89169ce929a
“Чемпиондар додасынан” сырымдық жас спортшылар жүлделі оралды.
Сүйінші жаңалықпен А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, белгілі бапкер Ержан Чукуров бөлісті.
 InShot_20231227_093334972
- Аталған турнирде қыздар арасында 44 келі салмақ дәрежесі бойынша Айжан Амангелдина, ұлдар арасында 53 келі бойынша Талғат Аманқос І орын еншілесе, Темірлан Хабибуллин 79 келі салмақта ІІІ орынды қанағат тұтты. Шәкірттерім үздіксіз дайындық нәтижесінде осындай жүлделерге қол жеткізіп отыр. Әлі талай додаларда топ жарады, - деп нық сенім білдірді бапкер.
 InShot_20231227_093354412
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале