10.02.2020, 16:44
Оқылды: 77

«Cырымдағы сұхбатта» өнер адамдары

Бүгін Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Сырымдағы сұхбат» жобасы өтті.

syrym (5)

Бұл жолғы қонақтар Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Ернар Өмірәлі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров пен опера әншісі Айбар Хайырхановтар болды.

syrym (2)

Алдымен олар өнер жолына келген сәттерінен қызықты әңгімелер айтып, жастарға мамандық таңдау турасында түсінік берді. Әрі дәстүрлі әндерді орындаушылар асыл мұрамыз - домбыраны қастерлей білу туралы өз ойларын ортаға салса, опера әншісі Айбар Хайырханов: «Опера деген өнердің шыңы, оны көп адамдар түсіне бермейді, оның өз тыңдаушысы бар» - деп өзінің өнер жолындағы қызықты кезеңдерімен бөлісті.

syrym (1)

Қызығы мен шыжығы мол өнер жолында жүрген аға буын өкілдеріне шараға қатысушы жастарымыз өз сұрақтарын қойып, біраз жайларға қанықты. Ал жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұртілеу Жеңісұлы сырлы сұхбат алаңына келген қонақтарға ақыл-кеңестері үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

syrym (7)

Қонақтар домбыра үнін опера әніне ұштастырып, Италияның халық әні «Санта Лючияны» шырқаса, республикалық байқаулардың жүлдегері Ернар Қуанышев жастардың сұрауы бойынша Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнін орындады.

syrym (6)

Жұлдыз Альпенова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале