26.10.2023, 17:45
Оқылды: 32

Дала дүбірге бөленді

Жәнібек ауданы әкімдігінің қолдауымен, ұлттық спорт түрлері федерациясы және атбегілердің ұйымдастыруымен атшабар алаңында аудандық жарыс өткізілді.

ж (3)

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Тимур Шиниязов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

ж (1)

Спорттың аударыспақ, тай жарысы, арқан тартыс, топ бәйге, қазақ күресі, лақ және қой көтеру секілді түрлерінен өткен жарыс барысында бабы мен бағы қатар шапқан жекелеген спортшылар мен командалар жүлделі орындардан көрініп, жарыстың демеушілері мен ұйымдастырушыларының дипломдары мен ақшалай сертификаттарына ие болды.

ж (2)

Сонымен қатар дала ойындарында киіз үйлер тігіліп, қазан көтерілді, сауда-саттық та қызу жүрді.

ж (4)

 

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале