31.10.2022, 16:52
Оқылды: 55

Дәстүрге айналған «Достық-Дружба»

Ақсай қаласында «Достық-Дружба» кубогы үшін 2007-2008 жылы туған жастар арасында бокстан дәстүрлі халықаралық турнир өтті. «Қарашығанақ» спорт кешеніндегі рингте Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь спортшылары кездесті. Еліміздің атынан Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, БҚО облыстары, Орал, Ақсай және Астана қалаларының спортшылары қатысты.

достык 3

24-рет өткізіліп отырған бұл турнирдің тарихы бай. Ерекшелігі 18 жасқа дейінгі жастар ғана қатыса алады. Ұйымдастырушылардың мақсаты – жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттау, жас боксшыларға жаңа спорттық дағдылар қалыптастыру, тәжірибе алмасу және көршілес елдер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау.

4 күнге созылған дәстүрлі турнирдің 20 қазанда өткен ашылу салтанатына аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов пен турнирдің бас демеушісі, «Бәйтерек» супермаркеттер желісінің директоры Айбек Омаров қатысты.

24-ші дәстүрлі халықаралық турнирдің чемпиондары: 44 келі салмақта – Баубек Жақсылық (Атырау облысы), 46 келі – Мақсат Рашид (Атырау облысы), 48 келі – Бақдәулет Түркменбай (Маңғыстау облысы), 50 келі – Дәурен Тасқалиев (Ақсай), 52 келі - Шахбос Эргашев (Өзбекстан), 54 келі - Бекарыс Серікбай (Ақсай), 57 келі - Ерхан Амангелдиев (Ақтөбе), 60 келі - Хикматулло Улмасов (Өзбекстан), 63 келі - Андрей Новик (Беларусь), 66 келі - Акбар Ахмедов (Өзбекстан), 70 келі - Кирилл Корженевич (Беларусь), 75 келі - Акаман Тұяқбай (Атырау облысы), 80 келі - Нұржан Ғибадатов (Ақсай), 80 келіден жоғары - Диас Деменов (Орал).

достык 4

Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша келесі спортшылар марапатталды: Әлихан Сағындық (Атырау облысы) – «Жеңіске деген жігері үшін», Шахбос Эргашев (Өзбекстан) – «Үздік боксшы», Амантур Джумаев (Қырғызстан) – «Үздік жекпе-жек техникасы мен тактикасы». Бұл турнирдің үздік жаттықтырушысы болып Өзбекстаннан келген бапкер Музаффар Усманов танылды.  «Үздік төрелік үшін» аталымына Қырғызстаннан келген Мирлан Жээнбаев ие болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

                                                                              Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале