15.10.2018, 16:58
Оқылды: 31

«Денсаулық» фестивалі өтті

Ақжайық ауданы орталығы – Чапаевта аудандық емхананың салауатты өмір салты кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен «Денсаулық» фестивалі аясында ауылдағы мекеме, ұйымдар арасында спорттық көпшілік шара өтті.

IMG_7914

         Шараны аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрушев кіріспесөзбен ашып, саламатты өмір салтының үлкен бір кепілі болып табылатын дене шынықтыруда ақжелеңді жандардың өнегесі зор маңыз алатынын атап көрсетті.

Асық ату, эстафета, қол күресі, велотехника сайысы, арқан тартыс спорт түрлері бойынша командалар сайысы өте тартымды өтті. Жалпыкомандалық есепте М.Әуезов атындағы мектеп командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды «Жігер» спорт клубының өкілдері иеленсе, ІІІ орын Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы командасына бұйырды.

Жарыс жүлдегерлеріне арнайы дипломдар, жеңімпаз командаға ауыспалы кубог тапсырылды. Аталған жарыстар дәстүрге айналады,- деді аудандық орталық ауруханасының дәрігер-эпидемиологі Еркебұлан Беляков.

Еркін МАҚСАТ,

суреттерді түсірген Нұрхат МАҒЗОМОВ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале