10.01.2024, 20:00
Оқылды: 33

Депутаттар іссапармен Шыңғырлауда

Шыңғырлау ауданында ҚР Пaрламенті Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева мен Абзал Құспан іссапармен болды. Сапар барысында әлеуметтік нысандарды аралап шықты. 

IMG_7075

Бүгінгі күні Шыңғырлау ауданында электр энергиясы торабында жиі орын алатын проблемалық мәселелер көп. Осы орайда халық қалаулылары аудандық электр желісі торабы мекемесінде болып, олардың бүгінгі ахуалы, материалдық мәселелерімен танысты.

IMG_7077

Мекеме басшысы Нұрболат Серғалиев атқарылған жұмыстар туралы баяндап, проблемалық мәселелерін ортаға салды.

Аудандық электр желілері торабы материалдық- техникалық базасы ескірген, әлі де ескі техникаларды пайдаланып келе жатырған, ток таратушы жүйелік құрал- жабдықтары да әбден тозған күйде жұмыс жасап келе жатырған мекеме. Жыл сайын жүргізілетін электр желілерін жаңарту жұмыстары да қаражатқа байланысты мардымсыз. Осы себепті де желілер бойында апатты жағдайлар жиі орын алып, қысқы уақытта, жазғы- күзгі жайсыз, дауылды ауа- райында ауылдардың, көшелердің жарықсыз қалуына себепкер боп отыр.

IMG_7080

Бұған жалақының төмендігі мен осы себепті туындап отырған кадр тапшылығын қосса, қордаланған мәселелер көбейе түседі. Осы жағдаймен танысқан депутаттар бұл мәселенің Үкімет дәргейіне жететінін, мәселенің оң шешілуіне атсалысатындарын атап өтті.

IMG_7086 (1)

Бұған дейін де ел Президенті БҚО бойынша электр қуатын таратушы желілердің 80 % тозығы жетіп тұрғанын айтып, назар аударылуы керектігін атап өткен еді. Осы тапсырма аясында да қимылдап, аудандағы бұл жағдайдың оң шешілуіне тырысу қажеттігін айтты лауазымды қонақтар.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале