1.04.2021, 10:34
Оқылды: 48

Дильяра – жас репортер

Бөкейлік Дильяра Есмұхан Оралда өткен облыстық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің «Жас репортер» байқауында І орынды жеңіп, аудан абыройын асқақтатты.

3930F976-ACEC-4DAB-98C7-554E3D6375C0

Аудандық туризм орталығының «Экология әлемі» үйірмесінің шәкірті Дильяра Есмұхан ұстазы, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп мұғалімі Рабиға Ысқақованың жетекшілігімен Нарын полигонына арналған репортаж дайындады. Оны жерлесіміз Нартай Аралбайұлы жүргізетін «Мәселе» бағдарламасы негізінде әзірлеп, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Жеңімпаз жеткіншекке алар асуларың биік болғай дейміз.

Ләйлім Жұмағалиева,

Бөкей ордасы аудандық туризм орталығының педагогі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале