2.06.2022, 17:15
Оқылды: 36

«Достық» лагері ашылды

Бәйтерек ауданы орталығында балаларға арналған 4 ауысымды жазғы «Достық» лагерінің ашылуы болды.

IMG_7654

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы атқарушы хатшысы Бибігүл Ахматжанова, аудандық мәслихат депутаты Алексей Герасимов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жетекшісі Жанар Губашева, білім бөлімінің қамқоршылық жөніндегі бас маманы Ажар Оңғарбаевалар қатысып, балалардың жазғы демалыстарының жақсы өтуіне ізгі тілектерін білдірді. Аудан мектептерінен жиналған 23 оқушы қаз-қатар тізіліп, ән шырқады. Ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, салтанатты шара сәнін кіргізді.

IMG_7721

Шара соңында «Орталық» сауда үйінің қожайыны Жансәуле Нұрғалиева мен Әсем Кулагиналар балмұздақ үйлестіріп, балақайларға қуаныш сыйласа, аудандық мәслихат депутаттары да құр қол келмей, сый-сияпат тарту етті.

IMG_7678

Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале