7.06.2023, 15:45
Оқылды: 13

«Достық» лагері жұмысын бастады

Балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Бәйтерек ауданында «Достық» сауықтыру лагері салтанатты түрде ашылды.

IMG-20230607-WA0055

- Құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер! Баршаңызды биылғы оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Мінекей, асыға күткен жазғы демалыстарыңыз келді. Кейін сыныптастарыңызға айтқанда «Қап, мен де неге бармадым?» деп қызығатындай уақыттарыңыз керемет өтсін, - деді шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Әсел Ижанова бүлдіршіндерге жаңа достар табуды, қызықты демалыс тілеп, доп сыйлады.

IMG-20230607-WA0062

Биыл маусымның 7-сі мен шілде айының 26-сына дейін жұмыс жасайтын лагерь 6 ауысымда ауданның әр округінен келген 200 баланы қабылдайды. Аудандық лагерге 1 мен 11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Балалар бір апта ішінде театр мен кітапханаға барып, аудан және қаладағы музейлерге саяхат жасайды. Күнде кешкісін өтетін би кешінен бөлек, «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» сынды түрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады.

IMG-20230607-WA0053

- Мұнда бәрі қызықты. Маған әсіресе би кеші ұнайды. Балалар бәріміз шаршағанша асыр сала билеп, көңіл көтереміз. Стадиондарға барып, футбол, волейбол сияқты ойындар ойнаймыз. Күніне бес мезгіл берілетін тамақтар да дәмді. Жазғы демалысымның есте қалатын қызықты сәттерінің көбі осы лагерде өтеді, - дейді Қ. Аманжолов мектебінің 8-сынып оқушысы Айнат Махмуд.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале