21.06.2021, 10:42
Оқылды: 47

Егіндібұлақта аяқдоп додасы өтті

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай футболдан жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауыл жастары арасында футбол ойынын насихаттауды мақсат еткен жарысқа мектеп ұжымы, түрлі мекеме жұмысшылары мен жастардан құралған командалар қатысты.

5C27EDAC-D3F3-4979-98A4-11205572FF14

Аяқдоп жарысын ауылдық клуб меңгерушісі Алтынханым Өтеғалиева ұйымдастырса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Замир Сукпусунов пен Дамир Сайлауов төрелік етті.

Қызықты матчтар көпшіліктің көңілінен шықты. Достықты ту еткен ойындардың қорытындысында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командаға мақтау қағаздары табыс етілді.

 Мерует Ешниязова,

Бәйтерек ауданы,

Егіндібұлақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале