23.11.2022, 18:09
Оқылды: 47

"Еңбек ардагеріне құрмет"

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова Сайқын ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, көпбалалы ана Жібек Құрмашеваны мерейлі 85 жасымен құттықтап, аудан әкімі мен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыс етті. 

IMG-20221123-WA0044

Жібек Жақсығұлқызы балалығымен ерте қоштасып, белі қатпай, еңбекке араласқан буынның өкілі. Ата-анасы мал баққан қарапайым шаруа адамдар болған. Жібек анамыз да еңбекпен есін жинап, еңсесін тіктеген. Отағасы Асқар Құрмашевпен ауылдың малын бағып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагері. Алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана. Жібек анамыз қоғамдық өмірге де белсене араласып, күні кешеге дейін Бисен ауылдық аналар кеңесінің белсенді мүшесі болды.

Ұлдары ұлағатты, қыздары инабатты боп өсіп-өніп, өмірден өз орындарын тауып, қазіргі таңда бір үйдің отағасы, отанасы болып отырған жандар. Сол ұл-қыздарынан 31 немере, 27 шөбере сүйіп отқан бақытты әже.

IMG-20221123-WA0043

Жібек Жақсығұлқызы 1982 жылы СССР жоғары кеңесінің президиум үкімімен «Батыр ана» орденімен, 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен «Алтын алқа» медалімен марапатталған.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале