11.11.2021, 10:10
Оқылды: 240

«Еңбек кубогі – 2021» атты волейбол турнирі өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Еңбек кубогі – 2021» атты волейбол турнирі өтті. Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйытқы болуымен, ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен оздырылған әуе доп жарысына ауыл жастары мен мекеме, ұйым командалары қатысты.

6

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған округ әкімі Тілек Кәкенов пен БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, спорт ардагері Вера Шохина салауатты өмір салтын насихаттап, ауыл спортшыларының шеберлігін шыңдау үшін осындай жарыстар өткізу өте маңызды екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2021-11-11 at 10.02.16

Жарыс барысында тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жан таласып, командасының жеңісі үшін аянып қалмады. Қызу тартыста өткен жарыстың нәтижесінде ІІІ орынды Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының спортшыларына бұйырса, Дариян арнаулы қызмет көрсету орталығы ІІ орынды иеленді. Ал №22 өрт сөндіру бекетінің командасы жарыс жеңімпазы атанды.

WhatsApp Image 2021-11-11 at 10.04.50 (2)

Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен  Дәурен Самат «Үздік шабуылшы», Виталий Бырко «Үздік қорғаушы», Батырбек Жулекенов «Үздік байланыстырушы», Ұлан Зинекешов «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

WhatsApp Image 2021-11-11 at 10.04.50 (1)

WhatsApp Image 2021-11-11 at 10.04.50

Жеңімпаз команда мен жүлдегерлерге кубок пен мақтау қағаздары және естелік сыйлықтар табысталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале