30.05.2022, 12:15
Оқылды: 56

Еске алу турнирі өтті

Жуырда Чапаевта Қазақстанның құрметті құрылысшысы, спорт ардагері, белгілі меценат Асқар Қабановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.

IMG_5985

Оған Орал қаласынан «Денсаулық-1», «Денсаулық-2», «Намыс», облыс көлеміндегі бірқатар шаруа қожалықтарының құрама командасы, Жаңақала ауданы,  Ақжайық ауданының командасы, Жаңабұлақ, Бударин және БЖСМ командалары сынға түсіп, өзара бақ сынасты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов келген қонақтарды қошеметтеп, сәтті ойын тіледі. Сонымен қатар шараға марқұмның жолдасы Мақуза Қабанова мен ұрпақтары, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов, үзеңгілес достары мен әріптестері қатысты.

Тартысты өткен бәсекеде «Намыс» командасы І орын (300 мың теңге), Жаңақала ауданы командасы  ІІ орын (200 мың теңге) және «Денсаулық-2» мен Ақжайық ауданы командасы ІІІ орын (50 мың теңгеден) алды.

Бұл жарысқа Асқар Қабановпен ауылшаруашылық саласында бірге жұмыс істеген әріптестері демеушілік жасады.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале