20.11.2022, 11:01
Оқылды: 44

Ғасыр-ананың тілегі

Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны, 96 жастағы Күнсұлу Дәрішева сайлауда дауыс берді. №24 сайлау учаскесі мүшелерінің айтуынша, әже әркез жастарға үлгі болып, еліміздің келешегіне қатысты маңызды саяси науқандардың бәрінде де белсенділік танытып келеді. Міне, бүгін де учаскеге немересі Мейрамбекті ілестіріп келіп, өз таңдауын жасады. 

IMG-20221120-WA0083

Ол егемен елімізде болған сайлаулардың жадында екенін айтады.

IMG-20221120-WA0087

"Әр адам өз елінің қандай бағыт ұстанарын анықтай алады. Осындай құқық берген елімнен айналдым. Бастысы, ұрпақтарымыз аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын, Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Еліміз, Ақжайығымыз көркейе берсін", – деген ғасыр-ана жастарға өз батасын берді.

IMG-20221120-WA0106

Айта кетерлігі, Күнсұлу Дәрішева – 5 құрсақ көтеріп, 11 немере, 22 шөбере сүйген ардақты ана, әже. Кейуанаға естелік сыйлық табысталды.

IMG-20221120-WA0090

"Жайық таңы" ақпарат 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале