19.11.2022, 17:03
Оқылды: 29

«Искра» футбол жобасының сыйлығы табысталды

Бүгін Жәнібек спорт клубында «Искра» футбол жобасының сыйлығын табыстауға арналған шара өтті. 

IMG-20221119-WA0032

Елімізде спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлініп, жастардың дене тәрбиесіне мән берілуде. Соның бір көрсеткіші ретінде шет елде тұрса да өз Отанында спорттың дамуына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер ресейлік Арсен Томский «Искра» футболдық коммерциялық емес жобасын Қазақстан бойынша да іске қосқан болатын. Осы жобаға №1 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Дастан Әбдірешов қатысып, сертификатқа ие болды. Ол, біріншіден жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдаланып спортқа баулыса, екіншіден ауданымыздағы футбол спортын дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев жерлесіміздің жетістігімен құттықтап, жұмысына толағай табыс тіледі.

IMG-20221119-WA0031

Сыйлықтарды табыстауға арнайы келген Қазақстандағы «Искра» футбол жобасының менеджері Тоқтар Ескендіров аталмыш жобаның мақсатын түсіндіріп, Дастан Қаршығаұлын құттықтады. Сонымен қатар жас аяқдопшыларға сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде Дастан Әбдірешов жоба менеджеріне алғысын білдіріп, осындай жобалардың арқасында жасөспірімдердің спортқа қызығушылығы артатынын айтты.

Ата-аналар да ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

IMG-20221119-WA0033

Шара соңында эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, балаларға арнап шағын дастархан әзірленді.

Бақытжан Серіков, 

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале