21.06.2017, 20:09
Оқылды: 75

«Қайран біздің әжелер арды ойлаған»

Janakala kairan bizdin ajeler   Жаңақала аудандық мәдениет үйінде ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» атты аймақтық байқау өтті. Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада көршілес Бөкей ордасы ауданының «Нарын әжелері» мен Жаңақала аудандық халықтық «Айзере» әжелер ансамблдері бақ сынасты. Қос бөлімнен тұратын байқауға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, М.Мәметова атындағы облыстық мұражай директоры Светлана Бектенова сынды мамандар қазылық етіп, әділ бағасын берді.


   Байқауға қос ұжым да үлкен дайындықпен келген. Алғашқы таныстыру бөлімінде Жаңақала аудандық «Айзере» әжелер ансамблі өнерімен, шығармашылықтарымен көзге түссе, «Қазағымның дәстүрлері ұмытылмасын» бөлімінде бұл топ тақырыптан жаңылып сүрініп қалды. Тартысты өткен сайыс қорытындысында Ораза айтының қадір-қасиетін әсерлі көрініспен көрерменіне жеткізе білген «Нарын әжелері» байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.

   Жүлдегерлерге Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

 Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале