22.02.2024, 17:45
Оқылды: 25

Қайран «ДТ», қадірің өтті-ау...

Мына көктайғақ қарға адымды мұң қылды. Қайда қарасаң да тепе-теңдігін сақтағысы келіп тәй-тәйлап бара жатқан бір адам. Қалт-құлт еткен жасы егде жандарға қарап аяйсың. Табиғаттың да мұнша мінезін көрсеткені несі екен? Қыс деген кәдімгі боранымен, үскірік аязымен сәнді еді-ау. Ал қар жауып, артынан жаңбырын төккен мұндай ауа райын көптен бері көруіміз осы. Әйтеуір, арты жақсылық болсын дейсің.

жп чингирлау кар (4)

Көрнекі фото: zhaikpress.kz   

Осы көк тайғақтағы қозғалысты қауіпсіз ету үшін ұжымдар көшеге шығып, күректермен қаруланып, жаяу жүргіншілер жүретін тротуарларды сірескен мұздақ қардан тазартуда. Бірақ, ауданда көше жеткілікті, әрі мұзды жолдар жетерлік. Оның бәрінің мұзын ойып шығу мүмкін емес.

 Рас, жолдарға құм мен тұз араласқан қосындылар да төселіп жатыр, бірақ оның астындағы «көкбет» мұзың оған қыңқ етер емес.

 Осы орайда шынжыр табанды тракторлардың қадірі өткенін өмір алдымызға өзі-ақ әкеліп отыр. Ертеректе осындай кездерде көшелерге шынжыр табанды тракторлар жіберілуші еді. Батпан салмақты техника қарысып тұрған күртік қарыңды да, сірескен құрсау мұзыңды да жұмсартып, адамға да көлікке де ыңғайлы етіп тастар еді. Әттең, Шыңғырлау ауданын қанша адақтап шықсаң да сол трактордың қаңқасын да таба алмайсыз қазір. Зары өткен шынжыр табанды ДТ-54-ай демеске шараң жоқ.

                                                                                                  Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале