11.04.2022, 12:30
Оқылды: 54

Қалдығайты арнасына түсті

Қалдығайты өзенінің тасуына байланысты жағдай саябырсыды. Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Берікқали Муса Үшағаш ауылын су басу қаупі болғанын, бірақ ауыл тұрғындарының бірлесе жұмыс жүргізіп, техникаларымен ауылды қоршап бөгет салуының арқасында қауіптің сейілгенін айтады. 

 20

– Бұған Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің техникалары мен округ әкімшілігінің қызметкерлері көмектесті.

19

Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жүретін көпірдің арғы бетінің жарын су құлатып жарамсыз болып қалғандықтан, қазіргі таңда төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері азық-түлік қатынасын реттеп, тұрғындарды екі бағытқа қайықпен шығарып жатыр, - дейді Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Берікқали Жақсылықұлы.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале