14.09.2023, 17:45
Оқылды: 48

Қаратөбеде әдеби-сазды кеш өтті

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР «Ақпарат саласының үздігі» Ертай Бимұхановтың 50 жасқа толуына орай әдеби-сазды кеш өтті.

521A8A74-2CCB-4B9E-980B-C7DCDC06A59E

Ертай Сағындықұлын аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахадден, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин қарсылап алды.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мен іс-шара меймандары мәдениет үйінің фойесіндегі көрмені тамашалады.

Аталған шараға Ертай ақынмен бірге оның ұстазы, айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Т.Айбергенов» атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ғайсағали Сейтақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сағынтай Бисенғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жиембет жырау», «Әлішер Науай» атындағы сыйлықтың лауреаты, ғалым-ұстаз Талап Таймасұлы, ақсайлық ақын Дариға Нұрашева, шөптікөлдік зейнеткер ағасы Мәжит Нүрекешов және әр салаларда бірге қызмет жасаған әріптестері мен ағайын-туыстары қатысып, тілектерін айтты.  

Әдеби-сазды кеште Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының жас оқырмандарының және аудан оқырмандарының шеруі өтті. Онда Ертай Сағындықұлының өлеңдері айтылды.

3683AD02-66DA-4B31-BC15-CEE05ECC718F

Шара барысында алғашқы сөз алған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы киелі Қаратөбе жерінен шыққан ақын Ертай Бимұхановты мерейлі 50 жасымен құттықтады.

Ертайдың ақындық жолындағы ұстазы Шолпан Батырқызы оның шығармашылық жұмысына табыс тілеп, елге арнаған еңбегін жоғары бағалап, дәріптеді.

Сахна төріне шақырылған Ертайдың ақын ағалары Ғайсағали Сейтақ пен Сағынтай Бисенғалиев оның ақындығы мен ұстаздығы және журналистика саласындағы елеулі еңбектері туралы әңгімелеп, «Ақынның сыйы – өлең» демекші, Ертайдың 50 жасына арнаған өлеңдерін тарту етті.

25F34F84-F01D-45A4-8BC9-4975B498F060

Іс-шара барысында көркемөнерпаздардың орындауында Е.Бимұхановтың сөзіне жазылған жерлес сазгерлердің бір топ әндері шырқалды.     

Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев шараның кейіпкері Е.Бимұхановтың иығына шапан жауып, қаратөбеліктердің атынан ат мінгізді.

Ерболат Мырзағұлұлы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале